Italcementi Group – Цемент Өнеркәсібіндегі Тұрақты Даму Бастамасы жобасын басқарып отырған он цемент өндірушілерінің бірі. Оның мақсаты тұрақты дамудағы қозғалысты жылдамдатуға жәрдемдесу болып табылады. Аталмыш жоба Тұрақты Даму бойынша Әлемдік Бизнестің Женевалық Кеңесі ынтымақтастығында құрылған болатын (WBCSD).
Italcementi Group акционерлер кеңесі мен тәуелсіз зерттеулерге негізделген бесжылдық бағдарламаны ұстанады және үш басты мәселеге назар аударады:1) Экокномикалық аспекті2) Әлеуметтік аспекті3) Қоршаған орта аспектісі
2008 жылы Топ басқарудың екі іргелі құралын енгізді. Аталмыш құралдар бөлімшелерде тұрақты даму саясатының Топтың талаптарына сәйкес енгізілуін қамтамасыз етеді. Бірінішіден, Топтың барлық кәсіпорындарында тұрақты даму ұйымының құрылуы. Бұл ұйымды барлық іс-шараларға жауапты компанияның Бас Директоры басқарады. Екіншіден, Топ корпоративті тұрақтылық саласында ең төменгі талаптарды белгілейтін ережелер мен сандарттар жиынтығын енгізді. Italcementi климатты қорғау, отын мен шикізатты қолдану, ластағыш заттар мониторингі үшін, жаңа жобалар мен конструкциялар бойынша ірі жұмыстарды, қоршаған орта мен әлеуметтік дамуға әсерді бағалауға цемент өндірісі (CSI) бойынша Топтың ТД Басқармасы әзірлеген басшылық пен хаттамаларды қолдануға міндеттенеді. Шикізат және балама отын.Топ қоршаған ортаға, өз жұмыскерлері мен басқа тараптардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті түсіне отырып, балама отын мен шикізатты қолдануды енгізді. Шымкентцемент келесі жылы өз пештеріне шаң шығарындыларының мониторингі мақсатында NOx и SO2 үздіксіз жүйесін орнатуды жоспарлап отыр. CO2 шығарындыларының мониторингі.Шымкентцемент жаңартылатын энергиялар мен балама отын жобасының әзірлемсіне белсенді түрде қатысуда. Киот Хатттамасының «Таза Даму Механизмі» жобасы CO2 шығарындыларына қатысты талаптарды қанағаттандыру үшін қолданылуы мүмкін болатын несиелер жасайды. 2009 жылдың қараша айынан бастап «Шымкентцемент» АҚ Қазақстандық Табиғатты Пайдаланушылар ассоциациясының мүшесі болып табылады (КАПУР).
Our world Italcementi Group Profile Italcementi Group