21.05.2012 2:49
 
Іздеу    
 
  Italcementi Group
  Careers
  Sustainable Development
  Media and Communication
  Investor Relations
  Research and Innovation
  Architecture
  Login
Баспасөз орталығы

"Bravo Build" желісі дүкендерінен сапалы цемент сатып алыңыздар! 

23 қыркүйек 2011 жыл

Салынған ғимараттардың келешектегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ жалпы алғанда қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жоғары сапалы цемент қолдану қажет. "Шымкентцемент"  АҚ өз өнімінің сапасы ГОСТ стандарттарына сәйкестігіне толық кепілдік береді. Сонымен бірге, егер цемент тек қана "Шымкентцемент" АҚ "Bravo Build" желісі дүкендерінен сатып алынған болса, қапталған цемент салмағының сәйкестігіне де толық кепілдік береді.       

Тұтынушылардың қамын жеу "Шымкентцемент" компаниясының басты артықшылығы болып табылатындықтан, тұтынушылар базардан цемент сатып алған кезде мұқият болуын сұранамыз, себебі, қала базарларында кейбір цемент сатушылар жасанды каптардағы цементтерін "Шымкентцементтің" өнімі деп сатқан жағдайлар анықталып жатыр. Шындығына келгенде, сол сатушылардың өздерінің айтуынша, "Шымкентцемент" АҚ логотипі басылған қаптарға басқа өндірушілердің цементін толтырып сатып жүр.       
Біз, осындай заң бұзушылықты анықтау және алдын алу мақсатымен тиісті құқық қорғау органдарымен байланысып та қойдық.  

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, біздің тұтынушыларымыз цементті тек қана "Шымкентцемент" АҚ "Bravo Build" желісі дүкендерінен, салмағы 50 кг қапталған жоғары сапалы цемент сатып алуына кеңес береміз. Бүгінгі таңда "Bravo Build" желісінің бес дүкені сатып алушыларға "Шымкентцемент" АҚ сапалы цементімен қызмет көрсетеді. Осы жағдайды пайдалана отырып, "Шымкентцемент" АҚ "Bravo Build" желісі дүкендерінің ресми мекенжайларын хабарлаймыз:           
- Ақназархан к/ш, н/ж
- Рысқұлов к/ш, н/ж
- Аксу кенті
- Қазығұрт кенті
- Алматы қ. терминал
 
Тұтынушылардың қамын жеу және жоғары деңгейлі сервис "Шымкентцемент" компаниясының басымды бағыттарының бірі болып табылатындықтан, қызмет көрсету сапасын жақсартуға үнемі ұмтылуы байқалады. Жақын арада қызмет көрсетудің жаңа бір түрін енгізу осыны растайды – зауыттың бос цемент бағасымен, мини резевуарларда цемент сату.     

Біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Олар, біздің сатып алушыларымыздың өндіруші-зауыт бағасымен, "Bravo Build" желісі дүкендерінен жоғары сапалы цемент сатып алуға мүдделі екенін тағы да дәлелдейді. Осы инновацияны енгізудің дәйектілігі мен тәртіптілігі, сондай-ақ барлық сатып алушылардың жаңа концепцияға деген пікірі, "Bravo Build" желісі дүкендерінің бөлшек саудасын басқарудың табыстылығына көзімізді жеткізе отырып, біздің үмітімізден асып түсті.    
"Шымкентцемент" – өнімнің жоғары сапасына кепілдік беретін, біздің клиенттерімізге тиісті қызмет көрсететін, және 50 жылдан астам уақыт өз қызметін іске асырып келе жатқан компания. 
"Bravo Build" желісі дүкендері Сізді және Отбасыңызды сапасы төмен цементтен қорғайды. "Bravo Build" желісі дүкендерінен сапалы цемент сатып алыңыздыр!  







Мұрағат


Байланыстар
Жанар Бөлекбаева
Сыртқы қатынастар менеджері
Тел.: 7 7252 480030
немесе 480035 (қосымша 376)
Факс: 7 7252 572174
Email Communication Dep.
Legal information | Corporate data | System requirements | Site map | 
© 2010 Shymkentcement 
Соңғы жаңарту 18.10.2011 6:58:57  UTC