|
|
|
|
"Bravo Build" желісі дүкендерінен сапалы цемент сатып алыңыздар!
Салынған ғимараттардың келешектегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ жалпы алғанда қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жоғары сапалы цемент қолдану қажет. "Шымкентцемент" АҚ өз өнімінің сапасы ГОСТ стандарттарына сәйкестігіне толық кепілдік береді. Сонымен бірге, егер цемент тек қана "Шымкентцемент" АҚ "Bravo Build" желісі дүкендерінен сатып алынған болса, қапталған цемент салмағының сәйкестігіне де толық кепілдік береді.
Тұтынушылардың қамын жеу "Шымкентцемент" компаниясының басты артықшылығы болып табылатындықтан, тұтынушылар базардан цемент сатып алған кезде мұқият болуын сұранамыз, себебі, қала базарларында кейбір цемент сатушылар жасанды каптардағы цементтерін "Шымкентцементтің" өнімі деп сатқан жағдайлар анықталып жатыр. Шындығына келгенде, сол сатушылардың өздерінің айтуынша, "Шымкентцемент" АҚ логотипі басылған қаптарға басқа өндірушілердің цементін толтырып сатып жүр. Біз, осындай заң бұзушылықты анықтау және алдын алу мақсатымен тиісті құқық қорғау органдарымен байланысып та қойдық.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, біздің тұтынушыларымыз цементті тек қана "Шымкентцемент" АҚ "Bravo Build" желісі дүкендерінен, салмағы 50 кг қапталған жоғары сапалы цемент сатып алуына кеңес береміз. Бүгінгі таңда "Bravo Build" желісінің бес дүкені сатып алушыларға "Шымкентцемент" АҚ сапалы цементімен қызмет көрсетеді. Осы жағдайды пайдалана отырып, "Шымкентцемент" АҚ "Bravo Build" желісі дүкендерінің ресми мекенжайларын хабарлаймыз: - Ақназархан к/ш, н/ж - Рысқұлов к/ш, н/ж - Аксу кенті - Қазығұрт кенті - Алматы қ. терминал Тұтынушылардың қамын жеу және жоғары деңгейлі сервис "Шымкентцемент" компаниясының басымды бағыттарының бірі болып табылатындықтан, қызмет көрсету сапасын жақсартуға үнемі ұмтылуы байқалады. Жақын арада қызмет көрсетудің жаңа бір түрін енгізу осыны растайды – зауыттың бос цемент бағасымен, мини резевуарларда цемент сату.
Біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Олар, біздің сатып алушыларымыздың өндіруші-зауыт бағасымен, "Bravo Build" желісі дүкендерінен жоғары сапалы цемент сатып алуға мүдделі екенін тағы да дәлелдейді. Осы инновацияны енгізудің дәйектілігі мен тәртіптілігі, сондай-ақ барлық сатып алушылардың жаңа концепцияға деген пікірі, "Bravo Build" желісі дүкендерінің бөлшек саудасын басқарудың табыстылығына көзімізді жеткізе отырып, біздің үмітімізден асып түсті. "Шымкентцемент" – өнімнің жоғары сапасына кепілдік беретін, біздің клиенттерімізге тиісті қызмет көрсететін, және 50 жылдан астам уақыт өз қызметін іске асырып келе жатқан компания. "Bravo Build" желісі дүкендері Сізді және Отбасыңызды сапасы төмен цементтен қорғайды. "Bravo Build" желісі дүкендерінен сапалы цемент сатып алыңыздыр! 
«Халықаралық Индустриялық-сауда көрмесі» Душанбе қ. 17 мамыр 2011 жыл.
2011 жылы 17 наурызда “Шымкентцемент» АҚ, «Bravo Build» желісінің үшінші дүкенін ашты. Ашылу рәсіміне Сайрам қаласы Әкімінің орынбасары Шавкатбек Рахатов м-за, Italcementi Группасының өңірлік директоры Фабрицио Донега м-за, «Шымкентцемент» АҚ басқарма мүшелері, «Шымкентцемент» АҚ Бас директоры Атилла Йылдыз м-за, клиенттер, масс-медиа өкілдері және компания басшылығы қатысты!
Салтанатты ашылу рәсімінде «Шымкентцемент» АҚ Бас директоры Атилла Йылдыз м-за сөз сөйледі. Йылдыз м-за, «Шымкентцемент» АҚ-ның «Өндірушіден – тұтынушыға» ұранымен «Bravo Build» бөлшектеп сату дүкендер желісін ашуын жалғастырып жатқанын атап өтті. «Bravo Build» - бұл өнімді тұтынушыларға тікелей «Шымкентцементтен» сатып алуға мүмкіндік беретін, бөлшектеп сату дүкендерінің желісі. Ол, компания тағы да үш дүкен ашатынын қоса атап өтті. Осылайша дүкендердің жалпы саны алтыға теңеледі, оның біреуі Алматы қаласында орналасады, бұл дүкенде жаңа орамаға қапталған, салмағы 25 кг қаппен өнім сатылатын болады. Қолдануға және сақтауға қолайлы жаңа орама қаптарға, тек қана «Bravo Build» бөлшектеп сату дүкенінде сатылатын өнімдер қапталады.
|
|
 |
|
 |
 |
Italcementi group
Italcementi Group is one of the largest producers and distributors of cement in the world, occupying leading position in the global marketplace. It operates in more than 20 countries, including Belgium, Bulgaria, Canada, Egypt, France, Greece , India, Kazakhstan, Italy, Morocco, Spain, Thailand, Turkey and the USA.
Italcementi Group at a glance
Group profile
Our world
|
 |
Цемент - ұлы өнер табысы.
«Табиғи тастан қатты тастарды тоғыстыру жолымен кез келген пішінде жасау мүмкіндігінде ғажап дүние бар сияқты»
|
 |
 |
|
 |
|
|
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында орналасқан Шымкентцемент АҚ 1958 жылы негізі қаланды. Шымкентцемент» АҚ 1.3 Млн тонна цемент өндіруге қабілетті. Зауытпен өндірілген цемент Байқоңыр космос кешенінің, Алматы және Тәшкент әуежайының, Қашыр және Нүрек ГЭСі, Қарақұм каналының құрылысында, сондай-ақ Қазақстанның және көрші елдердің басқа да әйгілі нысандарында қолданылған.
Italcementi Group – Цемент Өнеркәсібіндегі Тұрақты Даму Бастамасы жобасын басқарып отырған он цемент өндірушілерінің бірі. Оның мақсаты тұрақты дамудағы қозғалысты жылдамдатуға жәрдемдесу болып табылады. Аталмыш жоба Тұрақты Даму бойынша Әлемдік Бизнестің Женевалық Кеңесі ынтымақтастығында құрылған болатын (WBCSD).
Italcementi Group акционерлер кеңесі мен тәуелсіз зерттеулерге негізделген бесжылдық бағдарламаны ұстанады және үш басты мәселеге назар аударады: 1) Экокномикалық аспекті 2) Әлеуметтік аспекті 3) Қоршаған орта аспектісі
|